Lifestyle

«Димашпен бірге»: Әнші Индира Елемес жан қалауын айтты

Әнші Индира Елемес жан қалауын айтты
Әнші Индира Елемес жан қалауын айтты / Фото: instagram.com/indiraelemes, бильд-редактор: Дастан Шанай

«Jibek Joly» арнасындағы «Бүгін.Live» бағдарламасына әнші Индира Елемес сұхбат берді. Ол шығармашылығы жайлы айта отырып, сыр ақтарды. Әншінің жанр ауыстыруына қатысты сұраққа да жауап берді.

«Рэп оқу табиғатыма келмейді, мүлде жараспайды шынымен. Түсінбей қалады. Рэперлермен айта аламын, өз жанрымды жоғалтпаймын, мен оған берікпін. Соңғысы бізде АZ, Азамат Зенкаев екеуміздің дуэтіміз шықты. Халық сұрады екеумізден тағы дуэт. Қазір жақсы өтіп жатыр деп айтуға болады. Әннің аты – «Обалым жоқ». Оның авторы – ZAQ пен Азамат Зенкаев»,- деді ол.

Индира Елемес кіммен дуэт болып айту арманы екенін де жасырмады. Ол Димашпен дуэт айтуды армандап қана қоймай, мақсат еткен.

«Маған жалпы негізінде рухани, рухты, мықты сондай әндер орындаған ұнайды. «Жалғыз ғана елім» деген әнім бар. Естіген шығарсыздар. Жүрегіммен, мақтанышыммен елімді жақсы көремін», – деді әнші.

Өнер иесі жеке өміріне қатысты да пікірін білдірді.

«Жеке деп аты айтып тұрғасын ол жеке қалуы керек. Счастье любит тишину. Мен біреуге қарап, біреуді оқып, не болып жатқанын білмейді екенмін. Өсекке қатты жақын емеспін. Отбасы арқылы хайп ұстап, контент үшін қаралым жинамаймын. Мен әншімін. Блогер емеспін. Әндерім мен үшін маңыздысы. Арасында балаларымды салып тұрамын. Соның өзі жеткілікті деп ойлаймын», – деді ол.

Ол өнер жолында ыңғайсыз қалған жағдайды есіне алып, бір күлді. Тіпті абайсызда тікелей эфирге сағызбен кеткен кезінде амалсыздан оны жұтып қойғанын айтады.

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі | Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы | Бүгін.Live | 13.06.2025

Әнші өнер жолына аяқ басқан жастарға да ақыл-кеңесін айтты.

«Әркімнің өзінің жазып қойғаны бар. Менің айтарым: еңбекпен келеді көп нәрсе. Мықты талантты болып тұрып, жалқауларды да көріп жатырмын. Көп нәрсе еңбекпен келеді. Мен мысалы «6BELLUCCI» тобымен араласып тұрамын. Әпке деп келеді. Олар еңбектеніп жатыр. Бізден кейін келе жатқан таланттарға солардан үлгі алса екен дегім келеді. Талант 1% болса, 99% еңбек болу керек міндетті түрде», – деді ол.