
13 маусымда таңертең Израиль Ирандағы ядролық және әскери нысандарға, сонымен бірге Ислам революциясы сақшыларының бас кеңсесіне шабуыл жасады. БАҚ пен куәгерлер түрлі суреттер мен видеолар жариялап жатыр.
Иран көсемі аятолла Әли Хаменеидің айтуынша, Тегерандағы шенеуніктер мен әскери қолбасшылар тұратын үйлерге соққы жасалған. IRNA мемлекеттік ақпарат агенттігі тұрғын аудандарда бейбіт азаматтар қаза тапқанын хабарлады. Олардың арасында балалар да бар.

Иран астанасына жасалған соққылардан бірнеше биік ғимарат зардап шеккенін көруге болады. Бір жағы опырылған үйлердің терезесінен тұрғындар қарап тұр.

Израильдің әскери операциясынан Иранда нақты қанша адам қаза тапқаны әзірге белгісіз. Бірақ Ислам революциясы сақшыларының Тегерандағы бас кеңсесіне жасалған шабуылдан бөлім басшысы Хоссейн Салами қаза тапқаны айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, 13 маусымда таңертең Израиль Иранның ядролық және әскери нысандарына соққы жасады. Тегеран Израиль мен АҚШ-тан кек алуға уәде берді.
Көп кешікпей Иран бірден қарымта шабуылға көшкені мәлім болды. Тегеран Израильге қарай жүзден аса зымыран ұшырды.
Таяу Шығыстағы жағдай шиеленіскен уақытта, әлемде мұнай бағасы күрт көтерілді. Ол 120 долларға дейін жетуі мүмкін.
Қазақстанның Израильдегі елшілігі Таяу Шығыста жүрген ел азаматтарына кеңес берді.