Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының финалына шықты
Жарияланды

Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының финалына шықты. Осылайша дзюдодан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы спортшы атанды.
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, жартылай финалда Әбиба Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңілген испаниялық Лаура Мартинесті жеңді.
Алтын медаль үшін белдесу бүгін 21:00-де өтеді.