
Астананың Байқоңыр ауданында жиналған қоқыс жанып жатыр. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Алаш тас жолы мекенжайында жиналған қоқыс жанып жатыр.
«Өрт орнына өрт сөндірушілер дереу келіп, өртті сөндіруге кірісті. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр», – делінген ақпаратта.