Израильдегі елшілік Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның Израильдегі елшілігі Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты сол жақта жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады.
«Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына Тыл қолбасшылығының нұсқауларын (https://www.oref.org.il/ru) сақтауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды сұрайды», – делінген ақпаратта.
Сондай-ақ соңғы жаңалықтарды қадағалауды, Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрады.
Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефон нөмірлері:
Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің байланыс нөмірлері:
+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
+7 700 111 31 96 (WhatsApp)
Айта кетейік, Reuters хабарлауынша, Израиль Ирандағы ядролық нысандар мен зымыран зауыттарына соққы жасағанын мәлімдеді. Тағы бір шабуыл Тегерандағы Ислам революциясы сақшыларының бас кеңсесіне жасалған.