Жаңалықтар

Ay Yola тобының Маңғыстауда түсірілген жаңа бейнебаяны шықты

«Ay Yola» Маңғыстауда клип түсірді / Фото: youtube.com/@ayyolamusic, бильд-редактор: Милош Муратовский

Башқұрт этно-электронды триосы – Ay Yola өзінің жаңа туындысы — «Yola» әні мен клипін жарыққа шығарды. Премьера барлық музыкалық платформаларда бір уақытта өткен.

«Yola — бұл жарықққа негізі болған дәстүр. Бұл шығарма — біздің жолымыздың бастауы, трионың жүрегі мен бастау нүктесі болмақ», – деп жазылған клип сипаттамасында.

Клип үш елде түсірілген: Қазақстан, Өзбекстан және Башқұртстан.Жаңа бейнебаянда Маңғыстаудағы Бозжыраның көркем табиғаты ерекше көрсетілген.

«Yola» әні маусым айының басында Алматыда өткен фестивальде алғаш рет шырқалып, 70 мыңға жуық көрерменнің ықыласына бөленген болатын. Музыканттар бұл туындыны өз шығармашылықтарының жаңа кезеңіне бастайтын ән деп сипаттайды.

AY YOLA - Yola  (Премьера клипа 2025). Официальный клип / Official music video

 Бұған дейін топтың Homay әні тез танымал болған. Әлеуметтік желіде небәрі бір тәулік ішінде танымал болып, «вирусты трекке» айналып үлгерді.