
Қатонқарағай тұрақты туризм аймағына айналады. Бұл туралы Kazakh Tourism ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Kazakh Tourism Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында туризмді тұрақты дамыту жоспарын әзірлеуде. Онда жаппай туризмнен экологиялық жауапты тәсілге көшуге басты назар аудару ұсынылады. Бұл дестинацияның табиғи бірегейлігін сақтауға, туристік ағымды бақылауға және сапалы туристік өнімді қалыптастыруға жол ашады», – делінген баспасөз хабарламасында.
Бұл модельге сәйкес өңірде экологиялық саналы және шектеулі туризмді дамыту көзделіп отыр. Яғни, туристер саны шектеліп, тек эксклюзивті туристік өнімдер әзірленеді. Өңірде туристер тек 3 күннен екі аптаға дейін бола алады. Сонымен бірге экологиялық алым енгізу көзделген. Алымнан түскен қаражатты осы аймақтың инфраққұрылымын дамытуға бағыттамақ. Болашақта Катонқарағайды «Green destination» халықаралық сертификаты бар экодестинацияға айналады.
Бутан корольдігінің тәжірибесі
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Даниел Сержанұлы Катонқарағайды Канададағы Банф және АҚШ-тағы Йеллоустоунмен салыстырды. Өңір биоалуантүрлілігі мен бірегейлігі арқылы ерекшеленеді.
Компания өкілі туристік аймақты Бутан корольдігінің тәжірибесін қолдануды ойластырып отыр. Мұнда туристер ағынын реттеу жүйесі енгізілген. Аймаққа клеген туристі елге кірген кезде туристік жолдама ақысын төлейді. Мұндай шара табиғатқа түсетін жүктемені бақылауға және экожүйелерді сақтауға мүмкіндік туғызады.
«Біздің пікірімізше, Катонқарағайда туризмнің жаппай дамығаны қажет емес. Бұл барынша экологиялық және табиғатқа ұқыпты қарайтын саналы саяхатшыларға бағытталады. Қазір аймақтың жыл сайын 200-300 мың туристті қабылдайтын инфрақұрылым жоқ. Туристік ағынды шектеу және олардың бұл жерде болу ұзақтығын ұлғайту әлеуметтік-экономикалық және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұл инфрақұрылымды жүктемеуге және лимит есебінен туристер ағынын тиімді басқаруға мүмкіндік береді», – дейді компания өкілі.