Жаңалықтар

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің лауазымды тұлғасын қызметінен босатты

Амангельды Омарбеков
Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босады / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісін қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Амангелді Оразалыұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымынан босатылды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Амангелді Оразалыұлы бұл қызметке 2022 жылдың 22 тамызында тағайындалған. Бұған дейін 6 жылдай ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде инспектор, сектор меңгерушісі, хатшылық меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарып келген. 2005-2016 жылға дейін арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет еткені айтылады.

Қазақ мемлекеттік заң академиясынының құқықтану және Ұлттық қорғаныс университетінің әскери және мемлекеттік басқару мамандықтарын тәмамдаған.