«Созақ» кен орнын Қазақстан Қытаймен бірге игереді

Қызылорда облысындағы «Созақ» мұнай-газ кен орнын Қазақстан Қытаймен бірге игереді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің Geo-Jade Petroleum басшысы Ван Вэньтаомен кездесуі кезінде айтылды.
Кездесу барысында тараптар мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық және күрделі жолмен алынатын газды өндіру жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқылаған. Екі ел Қызылорда облысында орналасқан «Созақ» кен орнын бірлесіп жүзеге асырып жатыр.
Жиында Бектенов Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға, елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етуге мүдделі екенін жеткізген. Сонымен бірге үкімет өзара тиімді шарттарда ынтымақтастықты жалғастыруға және дәстүрлі емес ресурстардың әлеуетін ашуға ниетті.
Айта кетсек, Geo-Jade Petroleum – Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Компания негізінен мұнай мен газды барлау және өндірумен айналысады. Бұған дейін кәсіпорын Қазақстанда 3 млрд доллардың ірі жобасын жүзеге асырған. Бұл жоба негізінде 1 мыңға жуық адамды жұмыспен қамты мүмкіндігі туды.