
Айгүл Иманбаева өзінің неге көрінбей кеткенін түсіндірді. Эстрада, театр және кино, жалпы, өнерде аты естілмей қалды.
Бұл жөнінде астрисаның өзі түсіндіріп берді.
«Фокусымды жоғалттым»
«Бұл сұрақтарды оқырмандарым да, достарым да жиі қойып жүр. Қазір мен театрда да, эстрадада да бой көрсетпей кеттім. Сұхбаттарға да өте сирек шығамын. Оның белгілі себептері бар. Бәрі энергияға келіп тіреледі», – деді Иманбаева.
Ол өзінің фокусын жоғалтып алғанын мойындады. Сөзіне қарағанда, бірақ актриса өнерден қол үзуді қалап отырған жоқ. Өнерінің сипатын өзгертіп, жаңаша форма жасау үстінде.
Күләш Бәйсейітованың дауысын қазіргі аудитория қабылдай ма?
Әншінің айтуынша, өзінің төрт дипломы бар. Бірі – өнер саласының, екіншісі – журналистиканың, үшіншісі – бизнес, төртінші – Лондонда алған мәдениетті басқарудың дипломы.
«Мен бірінші дипломым – өнердің қызығын әбден көрдім. Театр, эстрада, телевизия саласында. Журналист болып өте көп бағадарлама жүргіздім. Егер Күләш Бәйсейітова тіріліп келсе, ол кісінің дауысын қазіргі аудитория қабылдай ма, жоқ па? Садраддин, Kalifarniya секілді жас әншілер тың бағытпен шығып жатқан кезде, трендте боламын десем күлкілі. Өтірік болады», – дейді әнші.
Тың дүниелер ұсынамын
Оның пікірінше, қазір оның өнерін замандастары бағалайды. Ән әлемінде енді Айгүл Иманбаева бағытын өзгертіп, тың дүниелерді ұсынбақ.
Мұның алдында Сәкен Майғазиевтің тойында қандай сыйлықтар берілгенін жазған едік.