
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат қалған түрме мерзімін айыппұлмен алмастыруды сұрап, сотқа өтініш түсірген.
Бұл ақпаратты зардап шеккен тарап – заңгер Анна Чернова растады.
Нұрасыл Болат не үшін айыпты болды?
2023 жылғы ақпанда Алматыда Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат көңіл көтеру орнында Олег және Анна Черновтарға шабуыл жасаған болатын. Ерлі-зайыптылар Нұрасыл соққыға жыққан қызды қорғап қалмақ болған. Салдарынан Олегтің қабырғасы сынған. Ал Анна жақ тұсынан соққы алған. Бастапқыда Жоғарғы сот Болатқа бостандықты шектеу жазасын тағайындады.
Пробациялық бақылауды үш рет бұзған
Десе де, 2024 жылдың күзіне қарай пробациялық бақылауды үш рет бұзғаннан кейін, Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасылдың жазасы нақты бас бостандығынан айырумен ауыстырылды. 1 жыл 5 ай 10 күн мерзімге қамалды.
Бақылау тәртібін бұзу деректері қатарында 2024 жылғы 11 қазанда к мейрамханада болғаны, 12 қазанда таңда караоке аумағында жүргені тіркелген.
Болаттың айтуынша, караокеге электронды білезігін қуаттау үшін барыпты. Бірақ ішке кірмедім дейді.
Адвокат пікірі
2025 жылғы 13 маусымдағы мәліметке сәйкес, Нұрасыл Болат жазасының 7 ай 22 күнін өтеген. Бұл бүкіл мерзімнің үштен бірінен асады.
«Қазір теңізге бару ерте сияқты. Ал басқа біреудің ақшасымен мәселені шешу, бұл – жаза емес, жай ғана құтылып кету. Бостандықты шектеу де – жақсы балама. Бірақ оны да көріп үлгердік», – деп жазды Анна Чернова.
Сонымен қатар, түзеу мекемесінің бастығы да Нұрасылға жаза түрін айыппұлға алмастыруға қарсы екенін мәлімдеген.
Былтыр қараша айындаол сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді.