13 маусым – 2014 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің туған күні

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Денис Теннің бағындарар биігі көп еді / фото: KursivMedia мұрағаты
Денис Теннің бағындырар биігі көп еді / фото: KursivMedia мұрағаты

13 маусым – 2014 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің туған күні. Тірі болғанда, ол биыл 32 жасқа толар еді.

Мәнерлеп сырғанау өнерінің шебері, жеке бағдарламада өнер көрсетуші майталман спортшы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебер.

Олимпиада қола жүлдесі

Денис Тенге дейін сырғанау өнерінде Қазақстанның аты мүлде аталмайтын. Байрағы көтерілмей жүрген. Оның спорттық жетістіктері Қазақстанның қысқы спорт түрлерінің дамуына үлкен серпін берді.

Қысқа ғұмырында Денис Теннің бағындырған биіктері аз емес. 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдесіне қол жеткізді.

Бес дүркін чемпион

2013 жылы әлем чемпионатының күміс медалін алды. 2015 жылы Денис Тен мұз айдынында сәтті өнер көрсетті. Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы, VII қысқы Азия ойындарының чемпионы, түрлі халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы болды. Қазақстанның бес дүркін чемпионы атанды.

Денис Тен ерекше, соны бағдарламалары әлем сарапшыларынан өте жоғары баға алды.

Оқыс оқиға

Қайырымдылық шараларын өткізіп жүрді. 2013 жылдан бастап «Денис Тен және достары» атты мұз шоуын ұйымдастырды. Бұл шоуға әлемнің түкпір-түкпірінен мәнерлеп сырғанау жұлдыздары қатысты. Денис Теннің бағындырар биігі, асар асуы көп еді.

Өкінішке қарай, Қазақстанның мұз ханзадасы оқыс жағдайда көз жұмды. Қымбат көліктердің айнасын үптеп жүрген көлік ұрыларының қолынан қаза тапты.  2024 жылы қазан айында Денис Тенді өлтіргендердің үкімі өзгеріссіз қалды.

Оның құрметіне Алматыда ескерткіш орнатылып, турнирге есімі берілді.

Сондай-ақ оқыңыз