
Шымкенттік тәуіп Таңшолпан Ұзақова сот кезінде судьяны сиқырлап тастап, сот шешімін клиентінің пайдасына шығаруға көмектескенін айтты.
Таңшолпан Ұзақова өзін халық емшісі деп атайды. Қобыз арқылы адамдарды емдеп, жолын ашуға жәрдем береді.
Ол әлеуметтік желіде бір клиентінің пайдасына тылсым күштің құдыреті арқылы сотқа ықпал еткенін баяндап берді.
Шымкенттік тәуіп айтқан сөзге сенсек, ол қобыздың үні арқылы істі қарау барысында судья мен қарсы тараптың пікірін қатты өзгертіп жіберген.
«Үш күн бұрын бір адам келіп, мәселесін айтты. Бәрін тастап, сол іспен айналыстым. Содан — бау! — шешім соның пайдасына шықты», – дейді Таңшолпан.
Әзірге сот органдары бұл жағдайға қатысты ешқандай ресми пікір білдірген жоқ. Алайда оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.
Шымкенттік тәуіптің сөздері мен қылықтары адамның күлкісін келтірсе де, қазақстандықтардың дені сыни көзбен қарайды.
Мұның алдында қостанайлық әйел күйеуін қайтара алмаған көріпкелді сотқа берген еді