Бизнесмен Клебановқа тиесілі жылу электр станциясында қайғылы жағдай болды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ашық дереккөзден

Петропавлда «Средазэнергомонтаж Петропавловск» компаниясының жұмысшысы жансақтау бөліміне түсті. 40 жастағы азамат жылу электр станциясында 6 метр биіктіктен құлап кетті.

Оқиға 12 маусымда болған. Газ шығару құбырларын тазалау кезінде ол абайсызда құлап, ауыр жарақат алған.

«Науқаста жабық бас-ми жарақаты, қабырғаларының көп жерден сынуы, шүйде-бас аймағында жыртылып-кесілген жара, сондай-ақ жамбаста көгерулер мен жеңіл контузия бар», – деп жазылған Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Компанияның бас директоры Максим Бублейник зардап шеккен қызметкерге барлық қажетті көмекті көрсетуге уәде берді:

«Біз әріптесімізге жан-жақты қолдау көрсетеміз. Қазір дәрігерлермен тұрақты байланыстамыз. Жағдайын сағат сайын бақылап отырмыз», – деді ол.

Қазір құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы фактісі бойынша алдын ала тергеу жүріп жатыр.

Петропавлдағы ЖЭС-2 «Солтүстікқазэнерго» АҚ компаниясына қарайды.  Бұл кәсіпорын «Орталық-Азиялық Электроэнергетикалық Корпорацияға» тиесілі. Корпорацияның негізгі акционерлері – Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең бай адамдар қатарына кіретін Александр Клебанов пен Сергей Кан.

Сондай-ақ оқыңыз