
Елдегі кәсіби спортты қаржыландыруға бюджеттен 60,5 млрд теңге бөлінген. Бүгінде бұл қаржы 6,7 млрд теңгеге яғни 53,8 млрд-қа дейін қысқартылды. Бұл жайлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен хабарлады.
Ал спорттық іс-шараларға және жалақы, үстемеақыға негізсіз жұмсалған 1,3 млрд теңге бюджетке қайтарылды. Тиімсіз басқарылды деген 11 спорт нысаны мемлекет балансына берілді.
«Кәсіби клубтар өздерінің спорттық инфрақұрылымын салудың орнына басшылықтың жалақысын көтеруге, легионерлерге төлемдер арқылы шығаруға, оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға қаражат жұмсады», – деп жазылған агенттік хабарламасында.
Талдау жасалғаннан кейін кәсіби клубтар мен федерациялардың бюджеттерін қысқартуға, қаржыландыруды орталықтандыруға қатысты 50-ден астам ұсынымдар енгізілді.
«Енді футбол кәсіпқой клубтары үшін мемлекеттен қаржыландыру алу үшін балалар-жасөспірімдер және жастар футболының жеке бөлімшелерінің, жастар командаларының, стадиондар мен сабақтар өткізуге арналған құрылыстардың болуы туралы талаптар қолданылады. Оқу-жаттығу жиындарына бақылау күшейтілді, оларды өткізуге лимит белгіленді», – деп хабарлайды.
Осы жылдың көктемінде туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев футбол клубтарына бөлінетін бюджет қысқаратынын хабарлаған.