Банк пен қаржы

Еуроодақ Украинаға тағы 1 млрд еуро аударды

Еуроодақ Украинаға тағы 12 млрд еуро аударады / фото: REUTERS/Arnd Wiegmann
Еуроодақ Украинаға тағы 12 млрд еуро аударады / фото: REUTERS/Arnd Wiegmann

Еуроодақ Украинаға 1 млрд еуро аударды. Қаражат Ресейдің шетелдегі бұғатталған шоттарынан алынды. Бұл туралы украин премьер-министрі Денис Шмыгаль хабарлады.

Украина үкімет басшысының айтуынша, Еуроодақ, ERA бастамасы аясында, Киевке осымен бесінші мәрте қаржылай көмек аударып отыр.

«Қаражат мемлекет бюджетінің маңызды салаларына жұмсалады. Украина, ERA бастамасы аясында, Еуропа одағынан осымен 7 млрд еуро алды. Қаражат Ресейдің бұғатталған активтері есебінен аударылды», – деп жазды Шмыгаль Telegram-арнасына.

Киевке тағы бір миллиард еуро бөлінгенін Еуроодақтың экономика жөніндегі комиссары Валдис Домбровскис растады.

«ЕО Украинаны табанды түрде қолдайды. Бүгін біз ERA аясында тағы 1 млрд еуро аудардық. Ол Ресейдің бұғатталған активтері есебінен алынды. Ресей өзі келтірген залалы үшін ақы төлеп жатыр», – деп жазды комиссар X әлеуметтік желісіне.

ERA шұғыл түрде қаржы бөлу дегенді білдіреді. Еурокомиссия Украинаға осы бастама аясында тағы 12 млрд еуро аударуды жоспарлап отыр.