Лабубу қуыршағын шығаратын компания акциясы 200%-ға көтерілді

Жарияланды 13 Маусым 2025 09:30

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Лабубу қуыршағын шығаратын компания акциялары өсіп жатыр / фото: REUTERS/Tingshu Wang
Лабубу қуыршағын шығаратын компания акциялары өсіп жатыр / фото: REUTERS/Tingshu Wang

Лабубу қуыршағын шығаратын Pop Mart акциялары бірден 200%-ға көтерілді. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, кем дегенде бес брокерлік компания акциялар өседі деп болжаған. Олардың арасында Deutsche Bank AG пен Morgan Stanley де бар.

Pop Mart акциялары Гонконг қор биржасында саудаланады. Былтыр ғана 50 гонконг доллары тұрған акциялар құны қазір 270-тен асты. Ол 300-ден жоғары көтерілуі мүмкін. Себебі оның қуыршағы мегахитке айналды.

Компания 2024 жылы ақсиған тісі бар құбыжық қуыршақ саудасынан 3 млрд юань тапқан. Оның акциялары MSCI China индексінде де былтыр алдыңғы қатардан көрінді.

Жақында Қытай билігі елдегі банктерге Лабубу қуыршағымен клиент тартуға тыйым салған.

Ал Бейжіңдегі аукционда Labubu ойыншығының адам бойындай мүсіні 150 мың долларға сатылды.

Сондай-ақ оқыңыз