Үндістандағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 279-ға жетті

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Үндістандағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 279-ға жетті/Фото: REUTERS

Үндістанда Air India әуе компаниясына тиесілі ұшақ апаты құрбандарының саны артты. Ахмедабад қалaсында құлаған ұшақ орнынан 279 адамның мәйіті табылған. Бұл жайлы сенбі, 14 маусым күні AFP агенттігі құқық қорғау органындағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Апат құрбандарының ресми саны ДНҚ әдісі арқылы теңестіріліп аяқталғаннан кейін жарияланған.

12 маусым күні Boeing 787-8 Dreamliner ұшағы Ахмедабад-Лондон бағытындағы AI171 рейсімен көтерілгеніне шамамен бір минут өткенде 190 метр биіктіктен құлап түскен. Оның бортындағы 242 адамның арасында Үндістан, Ұлыбритания, Португалия және Канада азаматтары болған.

Апаттан жалғыз жолаушы – 40 жастағы Ұлыбритания азаматы Вишваш Кумар Рамеш қана аман қалған. Ол 11А орнында, апатты есіктің жанында отырған.

Апат тұрғын үй алабындағы аймақта болған. Ұшақ дәрігерлерге арналған жатақхана ғимаратына соғылып құлаған. Апат салдарынан жерде кем дегенде 38 адам қаза тапқан.

Сондай-ақ оқыңыз