Freedom Holding Corp. қаржылық түсімі 2 миллиард доллардан асып түсті

Freedom Holding Corp. компания үшін ағымдағы жылдың 31 наурызында аяқталған 2025 қазыналық жылдың қаржылық нәтижелерін жариялады.
Негізгі көрсеткіштер төмендегідей серпінді көрсеткен
- Есепті кезеңдегі түсім $2,1 миллиардты құрап, зейнетақы аннуитеті бойынша шарттар мен жазатайым оқиғалардан сақтандыру саны артуының есебінен ол бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда $384,2 миллионға (23%) өсті. Мұнымен қоса, туынды қаржы құралдарынан түсетін таза шығынның орнына $12,4 млн (+112%) таза пайданы тіркеу фактісі де түсімге әсер етті. Сондай-ақ, брокерлік компаниялардың бөлшек клиенттері санының тұрақты артуының және олардың мәмілелер жасаудағы белсенділігінің арқасында, комиссиялық табыстың $440,3 миллионнан $505 миллионға дейін(+15%) өсуін атап өткен жөн.
- Freedom Holding Corp. таза кірісі $84,5 миллионды құрады. Холдингтің бір акцияға шаққандағы табысы $1,43-ті құрады.
- Холдингтің активтері $8,3 миллиардтан $9,9 миллиардқа дейін өсті (+19%). Міндеттемелер $8,7 миллиардты (+22%) құрады.
2025 қазыналық жылда Холдинг демеушілік қолдауға 51 миллион доллар жолдады. Қазақстан шахмат федерациясымен QJ League-қа айтарлықтай қомақты жарна жасалды.
Есепті кезеңде клиенттік базаның өсуі жалғасты: брокерлік шоттар – 683 мың (+153 мың), сақтандыру компанияларының клиенттері – 1,2 млн (+636 мың), банктік қызметтерді пайдаланушылар – 2,5 млн (+1,6 млн), басқа сегменттерде – 605 мың (+486 мың).
Банктік қызметтердің клиенттік базасының өсуі көбіне SuperApp іске қосылуымен байланысты болды. Бірінші жылы қосымшаны 1,8 миллионнан астам пайдаланушы жүктеп алып, ал 2025 жылдың маусым айының басында олардың саны 2,3 миллионға жеткен.
Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов:
«Жаңа ғана аяқталған қаржы жылы біздің компания үшін маңызды кезеңге – терең өзгерістер, қиындықтарды еңсеру және тұрақты даму кезеңіне айналды. Біз бизнес ауқымы жағынан да, инвесторларды қабылдау тұрғысынан да жаңа деңгейге шықтық. Бүгінгі таңда нарықты капиталдандырудың рекордтық өсуін ескере отырып, Freedom Holding Corp. Қазақстандағы ғана емес, сонымен қатар өңірде де сүйеу болатын ойыншы ретінде қабылданады. Біздің жетістіктеріміз – инвестордың ұзақ мерзімді стратегиясының және сенімінің нәтижесі, оған біз шын жүректен алғысымызды білдіреміз».
Сондай-ақ, 2025 жылдың мамыр айында акциялардың құны барынша жоғары деңгей – 183,07 долларға жеткенін, нарықтық капиталдандыру 11 млрд доллар болғанын атап өту маңызды.
FRHC акцияларының серпіні кең нарықтан күштірек болып қалуда. S&P500 және Nasdaq негізгі индекстері күнтізбелік жыл басынан бері нөлге жуық серпін көрсеткенімен, FRHC акциялары аталмыш кезеңде 17%-дан астамға артты. Бұл АҚШ-тың қаржы секторының орташа көрсеткішінен айтарлықтай озып кетті және бизнестің қарқынды өсуін, сондай ақ инвесторлар тарапынан жоғары сенімді көрсетеді. Ең ірі акционерлер қатарына BlackRock, Millennium Management, Goldman Sachs, State Street Corporation, Morgan Stanley, D.E. Shaw, HRT Financial LP, SIG Holding LLC, FMR LLC секілді институционалдық ойыншылар кіреді.
Ағымдағы жылы Freedom Holding Corp телекоммуникациялық бизнесті дамыту стратегиясын іске асыруды жалғастырған: 2025 жылғы 30 сәуірде Astel Group Ltd.-ны сатып алу мәмілесі аяқталған. Компанияның спутниктік байланыс, жүйелік интеграция және цифрлық шешімдер саласында құзыреттілігі бар. Мәміле сомасы 22,6 миллион долларды құраған.
Маңызды оқиға, сондай-ақ Freedom Holding Corp акцияларының жыл сайынғы қайта теңестірудің шеңберінде Russell 3000 индексінің есептеуіне қосылуы, ол 2025 жылғы 27 маусымында америкалық нарық жабылғаннан кейін күшіне енеді. Russell 3000 индексі АҚШ акциялары инвестицияланатын нарығының шамамен 98%-ын құрайтын америкалық ең ірі 3019 компанияның серпінін қадағайды.