Төменгі лауазымды мемлекеттік қызметке жұмысқа алу тәртібі өзгереді
Жарияланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төменгі лауазымды мемлекеттік қызметке жұмысқа алу тәртібіне өзгеріс енгізбек. Тиісті бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.
Жаңа тәртіпке сай, енді төменгі лауазымдарға үміткерлер әңгімелесу кезеңінің орнына практикалық бағалау кезеңінен өтеді.
Практикалық бағалау кезеңіне конкурстың алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған екі үміткер жіберілетін болады.
Практикалық бағалау кезеңінде үміткерлер бос лауазымның функционалдық бағытына сәйкес нақты тапсырмаларды орындау арқылы бағаланбақ.
Бұған дейін, әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жалға берілетін және қызмет соңында тұрғын үй беру тәртібі өзгеретінін хабарлағанбыз.