Әрдайсысына 2 млн теңге: Қазақстанның үздік дәрігерлері белгілі болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің арасындағы «Мамандығының үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздарын жариялады.
Байқау аясында мамандар 17 номинация бойынша марапатталған.
Олардың қатарында әртүрлі бейіндегі дәрігерлер, акушер-гинекологтар, хирургтар, фармацевтер, оқытушылар, санитариялық дәрігерлер және еліміздің барлық өңірлерінен келген басқа да мамандар бар.
Конкурс жеңімпаздарына 500 АЕК мөлшерінде (1 млн 966 мың тг ) көтермелеу төлемдерін алады.
Байқау жеңімпаздарының толық тізімі:
* «Стационардың үздік дәрігері» – Смайылов Совет Сләммұратұлы (Павлодар облысы);
* «Үздік жедел жәрдем дәрігері» – Тәжібекова Салтанат Болатқызы (Шымкент қ.);
• «Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік дәрігері» – Бақбергенова Айгүл Жұпарбайқызы (Қызылорда облысы);
• «Үздік ауылдық дәрігер» – Төлеуов Жақып Оразайұлы (Қызылорда облысы);
• «Денсаулық сақтаудағы үздік әлеуметтік қызметкер» – Сабиева Айгүл Болатқызы (Шымкент қ.);
• «Үздік акушер» – Қаженова Маржан Тынышқалиқызы (БҚО);
• «Стационардың үздік мейіргері» – Тілеубаева Эльмира Жасұланқызы (Алматы обл.);
• «Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік мейіргері» – Әлжанова Әлия Наурызбайқызы (Ақмола обл.);
• «Үздік ауылдық мейіргері» – Жұманазарова Жұлдыз Құрбанқызы (Түркістан облысы);
• «Үздік фельдшер» – Маханбетова Гүлнар Аманкелдіқызы (Ақтөбе обл.);
• «Медициналық жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» – Қожанова Қалданай Қаржауқызы (С. Ж. Асфендияров атындағы «ҚазҰМУ» КеАҚ);
• «Медицина колледжінің үздік оқытушысы» – Жұмадилова Мадина Сембайқызы (Жетісу облысы);
• «Денсаулық сақтаудағы үздік ғалым» – Жақыпбеков Қайрат Сапарханұлы (С. Ж. Асфендияров атындағы « ҚазҰМУ» КеАҚ.);
• «Денсаулық сақтаудың үздік менеджері» – Әмрин Сәкен Өмірсерікұлы (СҚО);
• «Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі үздік дәрігер» – Пивоваров Евгений Иванович (ШҚО);
• «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың үздік маманы» – Рахымбаева Алмагүл Қалиқызы (Алматы қ.);
• «Үздік провизор» – Әлжанова Хадиша Дербісқызы (Түркістан облысы).
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова саланың үздік мамандарына дипломдар мен сертификаттар табыс еткен.
Бұған дейін, Ұшақ бортында акушер-гинеколог адам өмірін сақтап қалғанын хабарлағанбыз.