Тоқаев Трампты туған күнімен құттықтады

Президент Қ.Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Америка көшбасшысының жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы белсенді әрі прагматикалық қызметін жоғары бағалайтынын атап өткен.
«Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуды көздейтін ұстанымы үшін ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар еліміздің Құрама Штаттармен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады», – делінген құттықтау жеделхатында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың деніне саулық және жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс тілеген.
Бүгін Дональд Трамп 79 жасқа толып отыр. АҚШ-та оның туған күніне орай елдіі көп бөлігін қамтитын наразылық акциясы жоспарланған.