Әлемде туу деңгейі күрт төмендеп жатыр, оған ақша мен уақыт жетіспеушілігі себеп

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің тілшісі
Әлемде туу деңгейі күрт төмендеп жатыр, оған ақша мен уақыт жетіспеушілігі себеп/Фото: Getty images

БҰҰ Халық саны жөніндегі қоры (ЮНФПА) әлемде туу деңгейі бұрын-соңды болмаған деңгейге төмендеп бара жатқанын мәлімдеді, деп жазады ВВС.

Соңғы зерттеу көрсеткендей, баланы бағып-қағуға кететін шығынның өсуі мен лайықты өмірлік серіктің жолықпауы миллиондаған адамның перзент сүюге деген ниетіне әсер етеді.

Әлемнің әр түкпірінде жүргізілген сауалнама

ЮНФПА 14 мемлекетте шамамен 14 мың адамға сауалнама жүргізген. Олардың әрбір бесіншісі «бала саны қалағанымдай болмайды» деген пікір білдірген.

Сауалнама Бразилия, Венгрия, Германия, Үндістан, Индонезия, Италия, Марокко, Мексика, Нигерия, АҚШ, Таиланд, Швеция, Оңтүстік Корея және Оңтүстік Африка елдерінде жүргізілген. Аталған мемлекеттерде әлем халқының шамамен үштен бірі тұрады.

ЮНФПА басшысы Наталия Канем жағдайды шынайы дағдарыс ретінде сипаттайды.

«Әлемде туу деңгейі теңдесі жоқ шамада төмендеп жатыр. Адамдардың көбі екі немесе одан да көп перзент сүйгісі келетінін айтады. Алайда олардың ниеті әрдайым орындала бермейді. Адамдардың армандаған жанұясын құруына қаржы және уақыт жетіспеуде. Бұл – нағыз дағдарыс», – дейlі ЮНФПА басшысы.

Қаржы және бедеулік проблемасы

Сауалнама көрсеткендей, сұралғандардың 40%-қа жуығы перзент сүюге қаржы жетіспеушілігі кедергі келтіретінін айтқан. Әсіресе, Оңтүстік Кореяда (58%) бұл көрсеткіш жоғары болса, Швецияда (19%) төмен.

Таиланд (19%), АҚШ (16%), Оңтүстік Африка (15%), Нигерия (14%) және Үндістан (13%) сияқты мемлекеттерде бедеулік немесе жүкті болуда кездесетін қиындықтар сәби сүйе алмаудың негізгі себебі ретінде аталған. Бұл көрсеткіш әлемде шамамен 12%-ды құрады.

Уақыт тапшылығы

Бала көтеруге қаржы жетіспеушілігі ғана емес, уақыт тапшылығы да әсер ететіні анықталған. ЮНФПА мәліметі көрсеткендей, Мумбай қаласында тұратын Намрата жолдағы кептеліске күніне 3 сағатын жоғалтады. Жұмыстан кейін үйіне шаршап әрең жетеді. Соның салдарынан 5 жасар қызымен уақыт өткізуге мүмкіндігі бола бермейді. Оның айтуынша, мұндай өмір сүру тәртібі отбасы мүшелеріне тынығуға да мұрша бермейді. Осылайша, бір балаға уақыт таба алмай жүргендер, басқа баланы дүниеге әкелуді кейінг ысыра тұруға мәжбүр.

Бұған дейін, Қазақстанда бала туу көрсеткіші жиырма жыл бұрынғы деңгейге дейін түсіп кеткенін хабарлағанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз