«Миы шайқалған». Министр науқастың танысынан зәбір көрген 2 дәрігердің жағдайын білді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
«Миы шайқалған». Министр науқастың танысынан зәбір көрген 2 дәрігердің жағдайын білді/Фото: Ақмарал Әлназарованың Facebook парақшасынан

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова пациенттің туысы шабуыл жасаған Қарағанды қалалық балалар ауруханасының екі дәрігерінің жағдайын сұрап қайтқанын хабарлады.

Министрдің сөзінше, медицина қызметкерлері ауыр жарақат алған. Миы шайқалып, мұрын сүйегі сынған, денелерінде көптеген көгеру мен гематома бар.

Қазір олар облыстық аурухананың шұғыл нейрохирургия бөлімшесінде жатыр.

Министр дәрігерлерге жасалған шабуылда қатаң айыптады.

«Бұл жай ғана бұзақылық емес – бұл өз өмірін өзгенің өмірін құтқаруға арнаған жандарға қарсы жасалған сорақы зорлық-зомбылық әрекеті. Мұндай агрессиялық көріністерге ешқашан жол берілмеуі тиіс және құқық қорғау органдарының тарапынан қатаң шаралар қолданылуы, қоғам тарапынан ашық айыпталуы қажет», – дейді ол.

Министр медицина қызметкерлерінің құқықтарын әрдайым қорғап, тек қана әділ жазалауды емес, сонымен бірге олардың кәсіби міндетін атқару барысында қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйелі шараларды жүзеге асыру үшін жұмыс істейтінін атап өтті.

Кеше Қарағандыдағы балалар ауруханасында екі дәрігер науқастың туысы тарапынан шабуылға ұшыраған. Шабуылдаушы ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Бұған дейін, Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің арасындағы «Мамандығының үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздарын жариялаған17 номинация бойынша марапатталған дәрігерлер 500 АЕК мөлшерінде (1 млн 966 мың тг ) көтермелеу төлемдерін алады.

Сондай-ақ оқыңыз