Көңіл көтеруге арналған 5 қазақша YouTube жоба

Жарияланды 14 Маусым 2025 11:59

(жаңартылды 15 Маусым 2025 16:11)
Нұралы Орақбай

Нұралы Орақбай

Автор
Көңіл көтеруге арналған 5 қазақша YouTube жоба
Көңіл көтеруге арналған 5 қазақша YouTube жоба / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазір YouTube-та әзіл мен ойды қосарласа қамтитын қазақша жобалар көбейіп жатыр. Көбісі қоғамдағы маңызды мәселелерді әзілмен жеткізіп, күнделікті күйбең тіршілікке жеңіл көзқарас ұсынады. Назарларыңызға сондай 5 жобаны ұсынамыз:

1.  Арзан психологтар. Руслан және Тілеген атты «кәсіби» емес, «арзан» психолог-комиктер көрермендердің жеке мәселелерін тыңдап, оларға әзілмен жауап береді. Көрермендердің көпке айта бермейтін мәселелерді «ақтаруы» жобаны басқаларынан ерекше етеді.

2. Сыр жобасы. Жансая, Дидар, Ғалымжан атты комиктер қонақтармен бірге ер мен әйел арасында қарым-қатынас тақырыбын қызық форматта талқылайды. Бұл жерде өзекті мәселелер талқыланып, әркім өзінің көзқарасын білдіреді. Жоба қиын тақырыптарды жеңіл талқылауымен қызық. Жоба әлі үйленбеген және отбасы құрған адамдардың арасындағы қарама-қайшылықты көрсетуімен қызық.

3. КітапХан жобасы. Жобада комиктер қазақ әдебиетіндегі танымал шығармаларды талқылайды. «Әдебиет ауыр, оқуға ерінем» дейтіндерге арналған таптырмас дүние. Комиктер сюжетті сахнаға шығарып, ондағы оқиғаларды әзілмен суреттейді.

4. INTELLIGENTNO QU жобасы. Бұл жоба да өмірлік проблемаларға құрылған. Алайда басқа жобалардан ерекшелігі – әр эпизодқа бір қонақ келіп, өзінің нақты бір мәселесін ортаға салады. Комиктер қонақпен бірге оның проблемасын шешуге тырысады. Еркін форматтағы жобаны көруді ұнататындарғы таптырмас жоба. 

5. Шәй әңгіме жобасы. Мұнда жүргізуші мен қонақтар бір дастарқан үстінде шай ішіп отырып, өміріндегі қызық оқиғаларын бөліседі. Жоба «Өзіміз отырып шай ішейік» деген форматтағы видеоларды ұнататын адамдарға арналған.

Сондай-ақ оқыңыз