Ахмедабадтағы апаттан кейін Үндістан Boeing 787 ұшақтарын тексере бастады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Үндістанда Air India әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады / фото: REUTERS/Amit Dave
Үндістандағы апаттан кейін, ел билігі Boeing 787 ұшақтарын тексере бастады / фото: REUTERS/Amit Dave

Үндістанның авиациялық реттеушісі Boeing 787 ұшақтарының техникалық жағдайын жедел тексеру туралы шешім шығарды. Реттеушінің бұл шешіміне осы аптада болған әуе апаты себеп болған.

Тексеріс

Жұма күні реттеуші Air India авиакомпаниясына Boeing 787-8/9 ұшақтарының GEnx қозғалтқыштарының жұмысын егжей-тегжейлі тексеруді міндеттеген. Тексеріс барысында:

  • Ұшу параметрлерінің бағаланады;
  • Қозғалтқыштың электронды басқару жүйесі сынақтан өтеді;
  • Отынмен байланысты жүйелері егжей-тегжейлі тексеріледі.

Министр мәлімдемесі

Үндістанның авиация министрі Рам Мохан Наиду Нью-Делиде өткен баспасөз мәслихатында аталмыш ұшақтарға кеңейтілген тексеріс жүргізілетінін мәлімдеген.

«Біз Boeing 787 ұшақтарына кеңейтілген бақылау жүргізу туралы бұйрық бердік. Үндістанда мұндай 34 ұшақ бар. Қазіргі уақытта олардың сегізі тексерілді, ал қалғандары шұғыл түрде тексерілетін болады», – деген.

Бірнеше күн бұрын болған апаттан кейін Үндістан ұшақтарға қойылатын техникалық талаптар күшейтілетінін мәлімдеді. .

Еске сала кетсек, 12 маусым күні Үндістанда Air India компаниясына тиесілі әуе кемесі Гуджарат штаты Ахмедабад қаласында апатқа ұшырады.

Апат кезінде қаза тапқандар саны 279 адамға жетті. Өкінішке қарай ұшаққа отырған жолаушылардың барлығы қаза тауып, бір жолаушы ғана аман қалған. Ауыр апаттан кейін Boeing  акциялары бірден құлдырап,  8%-ға бірақ төмендеді.

Сондай-ақ оқыңыз