Әскерилер Димаш Құдайбергеннің челленджіне қатысты
Жарияланды

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері Димаш Құдайбергеннің шығармашылық челленджіне қатысты. Бұл туралы Ұлттық Ұланның баспасөз қызметі хабарлады.
Шығармашылық челлендж барысында Димаш Құдайбергеннің «Тау ішінде» әніне бейнеролик түсірілген.
«Әскери қызметшілер саптық дайындық пен заманауи хореография элементтері үйлескен әсерлі би орындады. Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің бұл челлендж аясындағы өнері тың әрі әсерлі форматымен ерекшеленді», – делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетсек, 15 мамырда Димаш Құдайбергеннің «Тау ішінде» әнінің бейнебаны шыққан болатын. Содан бері бұл ән трендке айналап, әлеуметтік желіде бейнеролик түсіретіндер көбейіп кетті.