Алматы облысында жүк пойызы көлікпен соқтығысты

Алматы облысында, Жіңішкесу – Шелек бағытындағы теміржол өткелінде Toyota Land Cruiser автокөлігі мен жүк пойызы соқтығысты. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 2025 жылғы 15 маусымда сағат 09:19-да Жіңішкесу – Шелек аралығының, Жетіген-Алтынкөл учаскесінің теміржол өткелінде болған.
Апат кезінде адам шығыны тіркелмеген. Жүргізушінің қолы жарақаттанып, медициналық көмек көрсетілгені хабарланады.
Апат салдарынан пойыз межелі жеріне 30 минутқа кешігіп келген. Баспасөз қызметі ҚТЖ қызметкерлерінің жедел әрекет еткенін, салдарынан пойыздың қатты кешікпей жеткенін мәлімдеді.
Осы орайда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, теміржол өткелдерінен өткен кезде аса мұқият болуға шақырды.
Еске сала кетсек, 1 наурызда Атырау облысындағы Тендік станциясының теміржол өткелінде КАМАЗ жұк көлігі жүк пойызымен соқтығысып, бірнеше аддам зардап шеккен болатын.
Теміржол қозғалысы 2 наурыз күні қалпына келтірілді.