Құтқарушылар екі қалада қараусыз қалған балаларға көмекке келді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Құтқарушылар екі қалада қараусыз қаалған балаларды құтқарды / Аскар Ахметуллин, бильд-редактор: Артур Алескеров

ТЖМ қызметкерлері екі қалада қараусыз қалған балаларды құтқарды. Астана құтқарушылары Алматы ауданында қараусыз қалған екі бүлдіршінді және Ақтөбе қаласында 10 жастағы баланы құтқарып қалған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖМ мәліметінше, 15 маусым күні 112 шұғыл қызметіне Мұстафин көшесіндегі пәтерлердің бірінде екі баланың қараусыз қалғаны туралы хабар түскен. Үлкендердің хабарлауынша, есік ішінен құлыпталып қалған. Ересектер есікті аша алмаған. Содан кейін құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Көмекке жеткен құтқарушылар арнайы жабдықталған үш иінді баспалдақ көмегімен пәтердің терезесі арқылы үйге кіріп, есікті ішінен ашқан. Үйде бұл мезгілде 2020 жылғы және 2021 жылы туған екі бала болған.

Операция сәтті аяқталып, балалар аман-есен ата-аналарына тапсырылған. Медициналық көмек қажет болмаған.

Сонымен бірге Ақтөбе құтқарушылары қайғылы оқиғаның алдын алды. 7 қабатты үйдің 6-қабатында ашық терезе алдында отырған бала туралы хабар келіп түскен. Құтқарушылар жедел әрекет етіп, кілттеулі тұрған есікті ашып кіріп, 2015 жылы туған баланы құтқарып қалды.

«Бала туыстарына тапсырылды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетсек, осыған дейін министрлік үндеу жасап, ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау туралы ескерткен. ТЖМ мәліметінше, осы жылдың бес айында 60 бала терезеден құлап кеткен. Оның 5-уі қайтыс болса, 55-і жарақаттанған.

Сондай-ақ оқыңыз