Қытай компаниясы Ақтөбе облысында газ қорын іздейді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қытай
Қытай газ барлау жұмысын қаржыландырады / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Милош Муратовский

Қазақстан мен Қытай бірлесіп жаңа газ көздерін іздей бастайды. Қытайдың ең ірі мұнай-газ компаниясы – CNPC Ақтөбе облысындағы «Северный-1» учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын толық қаржыландырады. Бұл туралы QazaqGaz компаниясы хабарлады.

Аталған келісімге Қытай делегациясының Астанаға сапары аясында қол қойылды. Құжатты QazaqGaz өкілі Ұлан Бүркітов пен CNPC-Актобемунайгаз басшысы Ли Шуфэн рәсімдеді.

«Северный-1» учаскесі – Қазақстандағы болашағы зор газ орындарының бірі. Бұл жерде барлау жұмыстары жүргізіліп, нақты қанша қор бар екені анықталатын болады.

Жоба қалай қаржыландырылады?

Жоба carry-механизмі арқылы іске асады. Яғни, бастапқы кезеңде барлық шығынды CNPC өзі төлейді.

CNPC – Қытайдағы ең ірі мұнай-газ компаниясы. Ол әлемнің 30-дан астам елінде жұмыс істейді. Қазақстандағы бірнеше ірі жобада үлесі бар:

  • Ақтөбедегі «CNPC-Актобемунайгаз» – толықтай CNPC-ке тиесілі;
  • Қызылордадағы мұнай жобасы – «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» (77% үлес);
  • Шымкент мұнай өңдеу зауыты – (49,72% үлес);
  • Қашаған жобасы – (8,33% үлес).

Бұған дейін «Созақ» кен орнын Қазақстан Қытаймен бірлесе игеретіні белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз