Қазақстандағы тағы бір әуежайды түрік топ-менеджері басқарады

Қазақстандағы тағы бір әуежайды түрік топ-менеджері басқарады. Петропавл халықаралық әуежайының директорының міндетін атқарушы болып Мустафа Йылтан Октем тағайындалған.
20 жылдық тәжріибесі бар
Мустафа Йылтан Октем әуежайдағы қызметіне 2025 жылдың маусым айынан бастап кіріскен. Ол осыған дейін Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Африкадағы халықаралық әуежайларын басқарған. Бұл саладағы тәдірибесі 20 жылдан асады.
Октем Кипрдегі Шығыс Жерорта университетінің коммуникация және медиа факультетін тәмамдаған. Сонымен қатар IATA, ICAO, Turkish Airlines, Lufthansa, British Airways, Cargolux және өзге де халықаралық ұйымдардың кәсіби курстарынан өткен.
Атап айтқанда топ-менеджер мынадай әуежайларды басқарған:
- 2023–2024 жылдары Мустафа Йылтан Октем Сомалидегі Могадишо халықаралық әуежайында Favori Airports компаниясының елдік директоры болған;
- 2020–2021 жылдары Алматы халықаралық әуежайында жерүсті қызмет көрсету жөніндегі директор қызметін атқарып, TAV Airports басқаруына өткен кезеңде жаңа стандарттарды енгізген;
- 2007–2016 жылдары Тбилиси халықаралық әуежайында түрлі басқарушы лауазымдарда жұмыс істеген;
- 2016–2020 жылдары Батуми халықаралық әуежайының директоры болған.
Петропавл халықаралық әуежайы қалай дамиды?
Кәсібиі білігі жоғары маман Петропавл халықаралық әуежайын дамытып, серікестік байланыстарды кеңейтеді деп күтіліп отыр.
«Ұзақ үзілістен кейін әуежай біртіндеп қалыпты жұмыс режиміне оралуда. Қазіргі уақытта жолаушылар ағыны аз болғанымен, бұл инфрақұрылымдық нысанның өңір үшін маңызы зор. Қиын жағдайда жұмыс істеуге тура келгенімен, Октем мырза бұл бағытта оң нәтижелерге қол жеткізеді деп сенеміз. Оның басшылығымен әуежайдың операциялық қызметі жақсарып, серіктестік байланыстар кеңейеді, ал әуежай жолаушылар мен инвесторлар үшін тартымды бола түседі. Бұл жолда мемлекеттік құрылымдар мен жергілікті қоғамдастықтың қолдауы маңызды», – дейді деді Orbis Kazakhstan тобының президенті Сухраб Махмудов.
Әуежайға салынған инвестиция
Айта кетсек, Петропавл халықаралық әуежайы «Қызыл-Жар халықаралық әуежайы» ЖШС-нің сенімді басқаруында. Сенімді басқару 2022 жылы бес жыл мерзімге рәсімделген. Ал бұл компанияға Orbis Kazakhstan тобы сенімді басқарушы тұлға арқылы жетекшілік етіп отыр. Әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымдық жобаны қайта іске қосуға компания 1,2 млрд теңгеден астам инвестиция құйған.
Ал Orbis Kazakhstan тобы 2001 жылы қазақстандық кәсіпкерлер Фаррух және Сухраб Махмудовтардың бастамасымен құрылған. Холдингтің автокөлік өндірісі, құрылыс, агробизнес, мұнай-сервис, дистрибуция және басқа да салалардағы 150-ден астам еншілес компаниялары бар. 2024 жылы аталмыш ірі холдингтің жиынтық айналымы 1,5 млрд долларды құраған.