Үкімет 2025 жылы экономиканы 6%-ға жеткізіу үшін қандай шаралар қабылдап жатыр

Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин экономикалық штабтың отырысын өткізіп, онда Қазақстанның 2025 жылы 6%-дық экономикалық көрсеткішке қол жеткізу жолдарын талқылаған.
Үкімет осы жылы мына салалардан жақсы экономикалық өсім күтеді:
Өнеркәсіп саласы
Үкімет мәліметінше экономикалық өсудің негізгі қозағаушы күші өнеркәсіп саласы. Мәселен, 2024 жылғы қорытынды бойынша өнеркәсіптің ЖІӨ-дегі үлесі 25,7%-ды құраған. Ал осы 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында ЖІӨ 6,4%-ға жеткен. Яғни үкімет осы жылы өнеркәсіп саласының үлесі айтарлықтай жоғары болады деп болжап отыр.
Жиында машина жасау, тамақ, химия және мұнай өңдеу өнеркәсібінің басқа сегменттерінің де өсу әлеуеті де қарастырылған.
Құрылыс саласы
Үкімет құрылыс саласы жақсы өсім береді деп күтуде. Мәселен, құрылыс саласының 5 айдағы қарқыны 15,4%-ды құраған. Ал жұмыс көлемі – 2 трлн теңгеге жеткен.
Десе де, бұл салада артта қалып қойған өңірлер бар. Бұл – Ұлытау мен Атырау облыстары. Атырауда жопардың тек 43,2% орындалса, Ұлытауда 78,4%-ы орындалған. Атырау облысындағы жоспардың орындалмауына ТШО жобасындағы жұмыстардың тоқтап қалғаны себеп болған. Ал Ұлытауда тау-кен өндірісіне қатысты нысандар салу жұмысы баяулаған.
Тұрғын үй құрылысы
Үкімет биыл 19 млн шаршы метр тұрғын үй падалануға берілетінін хабарлады. 5 айда 6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 5,7%-ға жоғары.
«Біздің мақсатымыз – биыл ЖІӨ 6%-дық өсіміне қол жеткізу. Ол үшін нақты сектордағы барлық сала белгіленген индикаторға сәйкес жұмыс істеуі тиіс. Әкімшілік кедергілерді жедел жойып, компаниялар өз өнімін шығаруды ұлғайтуы үшін әрбір саладағы қарқынның баяулауы есебінен нақты айлық жоспарлар әзірлеу қажет», – деді Серік Жұманғарин.
Айта кетсек, Ұлттық статисика бюросының мәліметінше, ЖІӨ-нің осы жылдың бес айдағы өсімі 6%-ды құраған. Үкімет осы көрсектішті жыл соңында дейін сақтап қалуға ниетті.
Ал Тоқаев Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясына мүше елдер парламенттерінің спикерлерімен кездесу кезінде президент ел экномикасына дамытуға нақты қадамар жасалғанын соның нәтижесінде өсімнің 5%-дан асатынын атап өткен болатын.