Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері жаңа жұмыс кестесіне көшті

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
блогерлер уақыт белдеуі
Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері жаңа жұмыс кестесіне көшті / Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері жаңа жұмыс кестесіне көшті. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облыстық әкімдігінің 2025 жылғы 21 сәуірдегі №107 қаулысының 17.2-тармағына сәйкес жаң жұмыс кестесі бекітілген.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 16 маусымнан бастап жергілікті атқарушы органдардың жұмыс уақыты төмендегідей белгіленеді:

  • 08:00-17:30 – негізгі жұмыс уақыты
  • 12:30-14:00 – түскі үзіліс

Жаңа жұмыс тәртібі бірқатар аудандық әкімдіктерге қатысты. Атап айтқанда Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандары, Қонаев және Алатау қалаларының мемлекеттік қызметкерлер жаңа жұмыс уақытына көшеді.

Бұдан бөлек әкімдікке қарасты 27 басқарма, оның ішінде ауыл шаруашылығы, ветеринария, денсаулық сақтау, білім беру, экономика, туризм, спорт, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, энергетика, цифрлық технологиялар және басқа да сала мамандарының жұмыс кестесі өзгереді.

Құжат бүгін яғни 16 маусымнан бастап күшіне енеді.

Еске сала кетсек, осыған дейін уақыт белдеуінің өзгергеніне байланысты Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аудандары жаңа жұмыс кестесіне көшкен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз