Жаңалықтар

«Құрметті, Си ата!»: Астанаға келген Қытай басшысына балалар қытай тілінде сөйледі

Си Цзиньпин қытай тілінде сөйлеген балалардың тілегін тыңдады / Фото: Ақорда

Астанаға келген Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге қазақ балалары қытай тілінде сәлемдесіп, ақ тілегін жеткізген. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Құрметті, Си ата. Сіздің Астанаға келгеніңізге өте қуаныштымыз. Мен Қытай мен Қазақстанның әрқашан жақсы дос болғанын білемін. Біз балалар бейбітшілік пен бірлікті қолдаймыз. Достығымызды нығайтатын сапарларыңыз сәтті болсын», – деді балақайлар.

Си Цзиньпин балалардың қытай тілінде таза сөйлетінін жоғары бағалады.

Бұдан кейін өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, құрмет көрсеткен.

Айта кетсек, Қытай басшысын президент Қасым-Жомарт Тоқаев әуежайдан қарсы алды.