Тоқаев Си Цзиньпинді әуежайдан күтіп алды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Тоқаев Си Цзиньпинді әуежайдан күтіп алды / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай басшысы Си Цзиньпинді әуежайдан күтіп алды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Салтанатты қарсы алу шарасында Құрмет қарауылының ротасы сап түзеп, Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсеткені айтылады.

Фото: Ақорда

Сондай-ақ Си Цзиньпиннің борты Қазақстан шекарасына кіргеннен бастап, сыйлы қонақтың ұшағын Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді.

Еске сала кетсек, Қазақстанға Қытай басшысы келетіні туралы 11 маусымда белгілі болды. Ақорда тараптардың екі ел арасындағы стратегиялық серіктесті дамыту мәселесін талқылайтынын хабарлады.

Сондай-ақ Си Цзиньпиннің келуіне байланысты Астананың бірқатар көшелері жабылады.

Сондай-ақ оқыңыз