Алдағы 10 жылда Қазақстанның қай салада әлемдік ондыққа кіретіні белгілі болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алдағы 10 жылда Қазақстан астықты терең өңдеу саласында көшбасшылар қатарына кіреді / фото: gov.kz
Алдағы 10 жылда Қазақстан астықты терең өңдеу саласында көшбасшылар қатарына кіреді / фото: gov.kz

Алдағы 10 жылда Қазақстан астықты терең өңдеу өнімдерін өндіру және жеткізу бойынша әлемдік ондыққа енуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр дүйсенбі күні өткен «Қытай – Орталық Азия» индустриялық-инвестициялық форумының ашылуында мәлімдеді.

Форум өңірлік әріптестікті нығайтып, тәжірибе алмасуға және жаңа тәсілдерін әзірлеуге ықпал етеді деп күтіледі.

«Алдағы 10 жылда Қазақстан астықты терең өңдеу өнімдерін өндіру және экспорттау бойынша әлемдегі жетекші он елдің қатарына енуді мақсат етіп отыр», – деді ол.

Роман Склярдың айтуынша, ауыл шаруашылығы саласында әлі толық пайдаланылмаған зор әлеует бар. Қазақстанның климаты астық, майлы дақылдар өсірумен қатар, ет пен сүт өнімдерін өндіруде де бәсекелестікке қабілетті болуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, саланы дамытудың басым бағыттары ретінде жаңа технологияларды енгізу, өнімділікті арттыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді атап өтуге болады.

«Қолданыстағы шектеулер толықтай алынып тасталған жағдайда, біз Қытай нарығына жоғары сапалы органикалық өнімдерді жеткізу көлемін одан әрі ұлғайтуға ниеттіміз», – деді Скляр.

Мұның алдында Роман Скляр «KazSat-3» жер серігін алмастыруға 87,2 млрд теңге жұмсалатынын айтқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз