Ер адамның сақалында микробтар иттің жүніндегіден де көп болып шықты

Жарияланды 16 Маусым 2025 15:00

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Ер адамның сақалында Staphylococcus aureus те табылған / фото: ЖИ
Ер адамның сақалында Staphylococcus aureus те табылған / фото: ЖИ

Ер адамның сақалында бактериялар иттің жүніндегіден де көп болып шықты. Ғалымдар сақалды еркектерді қауіпті болатынын атады.

Tengri Life ақпаратына қарағанда, ғалымдар сақал мен мұрт ердің көркі ғана емес, бактерия таратушы қауіпті орын екенін айтқан.

Өйткені ондағы бактериялардың саны иттің жүніндегі немесе унитаздың орындығындағы бактериялардың санынан асып жығылған.

Зерттеу барысында ерлердің сақалы мен иттердің үстіндегі жүнін алып тексерген. Оның нәтижесі ғалымдарды қатты таңырқатып отыр. Сақалда микробтар әлдеқайда көп табылған.

Оның ішінде қауіпті патогендер де бар. Соның ішінде Staphylococcus aureus атты тері инфекциясын тудыратын бактерия да бар.

Бұдан сақтанудың бірден-бір амалы – тазалықты сақтау. Ұдайы жуып тұру. Сонда ғана, сақал ауру қоздырғышы емес, ер адамның көркіне айналады.

Ал мұның алдында тіршіліктің пайда болу құпиясы ашылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз