Қазақстанда енді Jusan Bank жоқ

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Банк атын өзгертті / фото: ЖИ
Банк атын өзгертті / фото: ЖИ

Jusan Bank ресми атауын түбегейлі өзгертіп, Alatau City Bank атанды. Бұл туралы банктің Instagram парақшасында жарияланды.

Банк ребрендинг туралы алғаш рет мамыр айының соңында хабарлаған еді.

16 маусым күні банк «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында қайта тіркеуден өтіп, ресми атауын өзгертуді аяқтады. Дегенмен, атауды толық ауыстыру процесі біраз уақыт алады. Бұл кезеңде түрлі сервистер мен ақпараттық жүйелерде банктің ескі және жаңа атауы қатар қолданылатын болады.

«Банк өзінің мемлекет, клиенттер және серіктестер алдындағы барлық міндеттемелерін сол күйінде сақтайды. Ребрендинг банк өнімдері мен қызметтерінің жұмысына әсер етпейді», — делінген хабарламада.

Jusan Bank-тің ребрендинг жасайтыны 28 мамырда белгілі болды. Банк бұл шешімді Алматы облысында өткен жылы құрылған Алатау қаласының дамуына атсалысу ниетімен түсіндірді. Жаңа логотиптің элементтері қаланың төрт ауданын білдіреді.

Сол кезде Kaspi.kz компаниясының тең иесі Вячеслав Ким, Jusan Bank-ті сатып алуға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен (ҚНРДА) рұқсат алғаннан кейін, Алатау қаласына жеке қаражатынан 1 миллиард доллар инвестиция салатынын мәлімдеген болатын.

Қазіргі уақытта Jusan Bank-тің негізгі иесі – кәсіпкер Ғалымжан Есенов. Оның бақылауындағы First Heartland Securities компаниясы банктің 79,89% акциясына ие. Ал қалған бөлігі тікелей өзіне тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз