Жаңалықтар

Отбасы банк әр балаға төленетін Ұлттық қордың ақшасын аудару шартын жариялады

Отбасы банк әр балаға төленетін Ұлттық қордың ақшасын 2006-2007 жылдары туғандар шотына аудара алатынын хабарлады / фото: KursivMedia мұрағаты
Отбасы банк әр балаға төленетін Ұлттық қордың ақшасын 2006-2007 жылдары туғандар шотына аудара алатынын хабарлады / фото: KursivMedia мұрағаты

«Отбасы банк» әр балаға төленетін Ұлттық қордағы ақшаны аударып алудың және жұмсау шарттарын жариялады. Оны банк депозитіне аудару жолы бар.

Биыл кімдер алады?

Сондай-ақ Банк Ұлттық қордағы қаражатты «Отбасы банкіндегі» депозитке аудару амалдарын атады.

«Отбасы банкінің» ақпаратына қарағанда, биыл бұл қаражатты 2006, 2007 жылдары туған балалар аудара алады.

Қаражатты аудары тәсілдері

Әрине, бұл қаражат бірден ата-анасының қолына берілмейді. Баланың 18-ге толуын күту ләзім. «Отбасы банкіне» аудару үшін арнайы шот ашу қажет. Сонда Enpf-Otbasy.kz порталы арқылы ЭЦҚ арқылы аударуға болады.

Бұл қаражат қандай мақсатқа жұмсалынады?

«Отбасы банк» ақпаратына қарағанда, осы қаражат екі мақсатқа жұмсалуға тиіс.

Ұлттық қордың ақшасы 18-ге толған жастың тұрғын үй жағдайын жақсартуға, яғни үй алуына және мамандық алу үшін оқу ақысын төлеуге жұмсалынбақ.

Бұның алдында «Отбасы банкінің» өз акционерлеріне 42,3 млрд теңге дивиденд төлейтіні туралы хабарлаған едік.