Чек көрсетіп, бонус ал: Salyq кэшбэк жобасына өңірлер де қосылды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: Мемлекеттік кірістер комитетінен

Фискалды чек бонустарға айырбастауға мүмкіндік беретін «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы кеңейіп жатыр. Бағдарламаға Жамбыл облысы (Мойынқұм, Жамбыл аудандары), Түркістан облысы (Төле би ауданы), Қарағанды облысы (Балқаш қаласы) және Маңғыстау облысы (Мұнайлы, Қарақия аудандары) қосылды.

Кез келген адам бұл жобаға қосылып, өзіне бонус ала алады. Ол үшін:

  1. Тауар немесе қызмет үшін төлем жасағанда фискалдық чек алу қажет;
  2. Чектегі штрих-кодты «Amian» мобильді қосымшасы арқылы сканерлеп, сатып алу сомасының 2%-ы мөлшерінде кэшбэк алу қажет.

Түскен қаражатты банк картасына аударуға немесе ұялы телефон балансына жіберуге болады.  Сыйақыны есептеу «Amian» мобильді қосымшасы арқылы жүреді. Ол App Store мен Google Play платформаларынан тегін жүктеледі.

Бағдарлама осы жылы 15 наурызда басталған. Микро және шағын бизнесті фискалды чек беруге ынталандыру мақсатында іске қосылып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз