Инстаграмда жаңа функциялар іске қосылады

Жарияланды 16 Маусым 2025 10:53

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Фото: ашық дереккөзден

Инстаграм жақында жаңа функцияларын іске қосады. Енді лентадағы посттардың орнын ауыстырып, кейбір жазбаларды оқырмандарға көрсетпеуге болады. Бұл туралы Instagram басшысы Адам Мосери хабарлады.

Лентаны басқара білу

Инстаграм қолданушылар көптен күткен функцияның бірі – профильдегі жазбалардың орнын ауыстыру. Бұған дейін тек белгілі бір посттарды лентаның бас жағына бекітіп қоя алатын едік. Енді қалағанша жазбалардың орнын ауыстырып, контентті өз қалағаныңызша басқара аласыз. Оқырмандар өз талғамына қарай лентаны өзгертетін болады.

Адам Мосеридің сөзінще, соңғы жылдары қолданушылар тарапынан ең көп айтылған өтініштің бірі осы болған. Бұл функцияны 2022 жылы сынақтан өткізіп бастады, бірақ осы жылы ғана толыққанды іске қосуға дайын.

Ешкімге көрсетпеуге болатын жазбалар

Инстаграм іске қосқан тағы бір функция – кейбір жазбаларды лентада оқырмандарға көрсетпейтіндей етіп салу. Яғни контентті өз профиліңізге сала аласыз, бірақ қалың оқырманның назарына түспейді. Инстаграм басшысының сөзінше, «өзінің шығармашылық туындыларын өзгелерге көрсетуге қорқатын» қолданушылар үшін пайдалы болмақ.

Spotify-мен бірлесу

Енді желі қолданушылары инстаграмдағы жазбаларына бірден Spotify-дағы музыкаларды қоса алады. Сондай-ақ жаңа авторларды қолдап, контентпен тәжірибе жасау мүмкіндігін ұсынбақшы.

Адам Мосеридің дерегінше, жоғарыда аталған функциялар жақын күндері іске қосылады.

Сондай-ақ оқыңыз