«ҚазМұнайГаз» бен SINOPEC бірігіп, Батыс Қазақстанда барлау жұмысын бастайды

«ҚазМұнайГаз» бен қытайлық SINOPEC бірігіп, Батыс Қазақстандағы «Березовский» кен орнын барлауға кіріседі. Бұл жайлы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев пен «Sinopec-Kazakhstan» компаниясының президенті Чжао Цюаньминмен кездесуінде айтылды.
Екі тарап Батыс Қазақстан облысындағы «Березовский» барлау жобасы бойынша бірлескен қызметтер мен қаржыландыру туралы келісімдерге қол қойды. Құжат бойынша, компаниялар жобаны теңдей қаржыландырады. Ал барлау кезеңін Sinopec компаниясы қаржыландыратын болады. Оның аясында тереңдігі 7 000 м болатын іздеу ұңғымасын бұрғылау жоспарланған.
«Березовский» учаскесінің болашағы объектілері өте терең күрделі геологиялық-технологиялық жағдайларда орналасқан Каспий маңы бассейнінің солтүстік борттық аумағындағы тұзасты шөгінділерімен байланысты. SINOPEC компаниясының геологиялық зерттеу, бұрғылау және кен орындарын тереңдікте игеруде мол тәжірибесі бар. Сондықтан біз «Березовский» жобасы бойынша геологиялық барлау жұмыстарының жоспарлары сәтті іске асырылатынына сенімдіміз», – деді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев
«ҚазМұнайГаз» бен SINOPEC-тің бірлескен жобасы бұл ғана емес. Осы жылы наурызда Атырау облысында полиэтилен өндіретін «Силлено» зауытының алғашқы қазығы қағылды. Бұл жобада «ҚазМұнайГаз», қытайлық Sinopec Overseas Investment Holding және ресейлік «СИБУР Холдинг» үлесі бар.