Иран шабуылынан кейінгі Израиль

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Иран шабуылына ұшыраған Бней-Брак қаласы Израиль астанасына шектесіп жатыр / фото: REUTERS/Chen Kalifa
Иран шабуылына ұшыраған Бней-Брак қаласы Израиль астанасына шектесіп жатыр / фото: REUTERS/Chen Kalifa

Израиль үкіметінің мәліметінше, қарулы жанжал басталғалы бері Иран Израильге 370 баллистикалық зымыран мен жүздеген дрон ұшырды. Бұл туралы CNN телеарнасы жазды.

16 маусым, дүйсенбінің таңындағы мәлімет бойынша, шабуылдардан Израильде 24 адам қаза тауып, 592 адам жараланды. Он адамның жағдайы аса ауыр.

Зымырандар Израиль аумағында 30 нысанды қиратты.

Иран билігі өткен жұмадан бері кем дегенде 224 адам қаза тапқанын жариялады.

Израиль орталығындағы қираған үйлер / фото: REUTERS/Yossi Zeliger
Израиль орталығындағы қираған үйлер / фото: REUTERS/Yossi Zeliger

Иран зымырандарын Израиль әуе қорғанысы тоқтата алмады

Телеарна сарапшысы Тель-Авив қолбасшылардан айрылған Иран тез арада есін жиып, қарымта соққы береді деп күтпеген деп отыр.

«Олар (израильдіктер) Иранның тез есін жиып, әрекетке көшеді деп күтпеген. Себебі Израиль шабуылынан Иран қарулы күштерінің ең жоғарғы басшылығы зардап шеккен, бірнешеуін өлтірген», — дейді Куинси институтының вице-президенті Трита Парси.

Оның айтуынша, қазір «И ран зымырандары Израиль әуе қорғыныс жүйесінің барлық кезеңін оңай еңсеріп жатыр».

Тель-Авив қаласының дронмен түсіргендегі қазіргі көрінісі, 2025 жыл, 16 маусым / фото: REUTERS/Moshe Mizrahi
Тель-Авив қаласының дронмен түсіргендегі қазіргі көрінісі, 2025 жыл, 16 маусым / фото: REUTERS/Moshe Mizrahi

Иран 16 маусымда таңертең тағы бір мәрте зымыран жаудырды. Олар бірнеше елдімекенге түсті.

Шабуылдан зардап шеккендер саны екі жақта да өсіп жатыр. Себебі Иран мен Израиль шабуылды үдете түсуге тырысады.

Израильдің солтүстігіндегі Тамра қаласында ғимараған ғимарат / фото: REUTERS/Ammar Awad
Израильдің солтүстігіндегі Тамра қаласында ғимараған ғимарат / фото: REUTERS/Ammar Awad

Израильдің солтүстігіндегі Хайфа қаласына жасалған түнгі шабуылдан үш адам қаза тапты. Тағы бір адам Бней-Брак қаласында, төрт адам Петах-Тиквада мерт болды.

Хайфадағы мұнай өңдеу зауыты орналасқан ауданда жарылыс болып, инфрақұрылымдар мен үйлер өртенді.

Израильдің Брейн-Брак қаласындағы қираған үйлер мен мектеп / фото: REUTERS/Chen Kalifa
Израильдің Брейн-Брак қаласындағы қираған үйлер мен мектеп / фото: REUTERS/Chen Kalifa

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) төрт күн ұрыста 120-дан аса иран зымыран кешенінің көзін жойғанын мәлімдеді. Дегенмен одан Иран жақтан төнген қауіп сейіле қойған жоқ.

Түнгі Хайфа қаласы (Израиль) / фото: REUTERS/Shir Torem
Түнгі Хайфа қаласы (Израиль) / фото: REUTERS/Shir Torem

Естеріңізге сала кетейік, 13 маусымда таңертең Израиль Иранның ядролық және әскери нысандарына соққы жасады. Тегеран Израиль мен АҚШ-тан кек алуға уәде берді.

Израиль сыртқы барлау қызметі Иранға қарсы шабуылды бірнеше жыл бойы ұйымдастырғаны мәлім болды. «Моссад» Тегеран маңына жасырын дрондар базасын құрған.

Иранның жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеи Израиль соққылары кезінде бункерге тығылғаны туралы мәлімет тарады.

Ал 13 маусымнан бастап Израильдің Астанадағы елшілігі қызмет көрсетуді уақытша тоқтатты. Астана мен Алматы қалаларында синагога ғимараттарына күзет қойылды.

Қазақстанның Израильдегі елшілігі Таяу Шығыста жүрген ел азаматтарына кеңес берді. Ал Air Astana мен FlyArystan ұшақтары Иран мен Ирак әуе кеңістігін айналып өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз