MI6 ағылшын құпия барлау қызметін алғаш рет әйел басқарады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Mi6 құпия барлау қызметін Блейз Метревели басқарады / фото: Ұлыбритания СІМ
Mi6 құпия барлау қызметін Блейз Метревели басқарады / фото: Ұлыбритания СІМ

Ұлыбритания құпия барлау қызметі – MI6 ұйымын алғаш рет әйел адам басқарады. Блейз Метревели осы қызметке биыл күзде кіріседі.

Елдің сыртқы барлау қызметіндегі өзгерістер туралы Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер жариялады. Метревели қазір құпия қызметтің технология мен инновациялар тобын басқарып жүр. Ол қызметті «Q» деп атайды. Джейм Бонд туралы фильмдерде де солай деп аталады.

CNN мәліметінше, 2017 жылы «Q» бөлімін әйел басқаратыны мәлім болған. Алайда сол кезде Метревели есімі аталмаған.

Блейз Оксфорд университетінде оқыған. Бұған дейін елдің ішкі және сыртқы барлау қызметтерінде жұмыс істеген.

Стармер оның жаңа қызметке тағайындалуын «тарихи оқиға» деп атады.

Метревели MI6 құпия барлау қызметінің басшысы қызметін атқаратынын мақтатын тұтады.

Сондай-ақ оқыңыз