Трамп әкімшілігі тағы 36 елдің азаматына АҚШ-қа кіруге тыйым салады

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі тағы 36 елдің азаматтарына Құрама Штаттар аумағына кіруге тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Агенттік шетел азаматтарына ел аумағына кіруді шектейтін құжат мазмұнымен танысып шыққан.
Маусым айының басында президент 12 елдің азаматын АҚШ-қа кіруді шектейтін заңға қол қойған. Олар: Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго Республикасы, Экваториалды Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан и Йемен. Бұған қоса, тағы жеті елдің азаматтарына ішінара шектеу енгізілген. Олар: Бурунди, Кубы, Лаоса, Сьерра-Леоне, Того, Түркіменстан және Венесуэла.
Енді Орталық Азия аймағындағы тағы бір елдің азаматтарының Құрама Штаттар аумағына кіруі қиын дауы мүмкін. Жаңа тізімде Қырғызстан да бар.
Reuters ол елдердің тізімін жариялады. Олар: Ангола, Антигуа және Барбуда, Бенин, Бутан, Буркина-Фасо, Кабо-Верде, Камбоджа, Камерун, Кот-д’Ивуар, Конго Демократиялық Республикасы, Джибути, Доминика, Эфиопия, Египет, Габон, Гамбия, Гана, Қырғызстан, Либерия, Малави, Мавритания, Нигер, Нигерия, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Сан-Томе және Принсипи, Сенегал, Оңтүстік Судан, Сирия, Танзания, Тонга, Тувалу, Уганда, Вануату, Замбия және Зимбабве.
Мәліметтерге қарағанда, бұл елдер Құрама Штаттарда көші-қон заңдарын бұзған азаматтарына алып кетуге көмектеспеген. Енді жоғарыда аталған отыздан аса елге талапты орындауға 60 күн беріліп отыр.