Маңғыстаулық блогер Азамат Сәрсенбаев 20 тәулік қамауда отырып шықты
Жарияланды

Маңғыстаулық блогер Азамат Сәрсенбаев бостандыққа шықты. Ол әкімшілік құқық бұзушылық әрекеті үшін 20 күнге қамалған. Мұны блогердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Еш себепсіз 20 тәулік әкімшілік қамауда отырып шықтым. Алда әлі талай нәрсені ой елегінен өткізіп, адвокаттарыммен келесі қадамдарымызды талқылауымыз керек… Алда үлкен жұмыс күтіп тұр», – деп жазды блогер.
Айта кетейік, ол бұған дейін Антикор қызметкерінің ар-намысына нұқсан келтірді деп танылып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабы бойынша жауапқа тартылды.