Жаңалықтар

Әуезов театры жөндеуден өткеннен кейін қандай болады

Әуезов театры жөндеуден өткеннен кейін қандай болады/Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры жөндеу жұмысы аяқталғаннан кейін қандай кейіпке енетінін көрсетті.

Әкімдік мәліметінше, театрдың қасбеті жаңартылып, ішкі кеңістіктер, оның ішінде аспашамдар, барельефтер мен еден жабыны қалпына келтіріледі.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

«Барлық жұмыс театрдың тарихи келбетін сақтай отырып жүргізіледі. Сахналық жабдықтар жаңартылып, репетицияға, қызметкерлердің жұмысы мен декорация сақтауға арналған бөлмелер жасалады», делінген әкімдік хабарламасында.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қала әкімдігі театр айналасындағы аумақ көркейтіліп жатқанын атап өтті. Онда ұлттық өрнектермен безендірілген элементтер, музыкалық аспап пішініндегі шағын сәулет нысандары орнатылып, сәндік алма ағаштары егілмек.

Бұған дейін, Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы «Ақсай-4» шағынауданында орналасқан «Арыстан» базары сүріліп жатқанын хабарлаған.