Қытайда мемлекеттік қызметкерлердің араққа құмарлығын азайту үшін оқыс ережелер шықты

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Қытайда мемлекеттік қызметкерлердің араққа құмарлығын азайту үшін оқыс ережелер шықты/Фото: Reuters

Қытайда мемлекеттік қызметкерлерге үйден тыс жерде ас ішуге тыйым салына бастады. Одан бөлек үш адамнан артық жиналып түскі асқа баруға шектеу қойылған. Бұл Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің жемқорлық пен партиялық тәртіптің сақталуына деген алаңдауын көрсетеді, деп жазады Reuters.

Арақтан туған алаң

Басылым ұлттық университеттің доценті Альфред Вудың сөзін келтіріп Қытайда шенеуніктер арасында алкогольді шамадан тыс пайдалану өте күрделі мәселеге айналғанын жазады. Оны шешудің тиімті тәсілі әлі табылмаған.

Шектеу шаралары сәуір айында банкетте алкогольді шамадан тыс ішкеннен үш қызметкер қаза тапқаннан кейін қабылданған.

Қосымша шектеулер

Оған қоса, осы аптада Аньхой провинциясындағы партия мекемесі мемлекеттік қызметшілерге кездесулерде бастыққа немесе өзге әріптестеріне сый көрсетпеуге, кіші топқа бөлінбеуге әрі әрдайым әртүрлі әріптестермен кездесіп отыруға шақырған.

Ал Шаньдундағы қызметкерлер әріптестерімен түскі асқа шығып, жазаланғанын айтқан.

«Шаралар тым қатал. Нұсқаудың мазмұнында мемлекет қаражатын ысырап етпеу айтылған, алайда оны әр деңгейдегі орындаушылар оны тым қатаң қолдануда», — деген қызметкерлердің бірі ережелерге шағымданып.

Сычуаньдағы қызметкер әріптестеріне әрдайым жұмыстан кейін үйіне дереу қайту тапсырылып жатқанын айтса, Аньхойдағы қызметкер кеңседе әр күні алкотест жасалып жатқанын мәлімдеген.

Ганьсудағы мемлекеттік қызметшіге кездесуге болмайтын 20 түрлі кештің тізімі көрсетіліп, Ухандағы әріптесі түрлі бөлімдегі әріптестерімен асқа бармау жайлы нұсқау алған.

Жаңашылдыққа қуанып жатқандар да жоқ емес. Олар енді бастығы мен әріптестерінің зорлап арақ ішкізу әдетінен құтылатынына риза.

Reuters шектеу шаралары 2012 жылы Си Цзиньпин бастамасымен қабылданған «Сегіз қағида» жемқорлыққа қарсы науқанының жалғасы екенін атап өткен.

Бұған дейін, Қазақстанда кезекті ауыл алкоголь сатуды тоқтатқанын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз