ЕуроОдақ Қырымға байланысты салған санкциясын тағы бір жылға ұзартты

Еуропалық Одақ (ЕО) Қырымға байланысты Ресейге қарсы енгізілген санкциялар пакетін тағы бір жылға – 2026 жылғы 23 маусымға дейін ұзартты. Бұл шешім Еуроодақ Кеңесі 2024 жылғы 17 маусымда қабылдаған.
Бұл санкциялар алғаш рет 2014 жылы, Ресейдің Қырым мен Севастопольді өз аумағына қосып алуына байланысты енгізілген. ЕО бұл әрекетті заңсыз деп танып, Қырымның мәртебесін өзгертуін мойындамайтынын мәлімдеген.
Кеңес жариялаған ресми мәлімдемеде Қырымға қатысты санкциялары мынадай шектеулерді қамтитыны атап өтілген:
- Қырым мен Севастопольден ЕО аумағына тауар әкелуге тыйым салу;
- Бұл аймақтарға қатысты инфрақұрылымдық немесе қаржы инвестициясы мен туризм қызметін шектеу;
- Көлік, телекоммуникация және энергетика салаларында, сондай-ақ мұнай, газ және минералды ресурстарды барлау мен өндіру үшін қолданылатын тауарлар мен технологияларды Қырымға экспорттауға шектеу.
Сонымен қатар, ЕО Қырым мен Севастопольдің Ресей құрамына қосылғанын ресми түрде мойындамайтынын тағы да қайталады. Мәлімдемеде:
«ЕО Украинаның халықаралық деңгейде танылған шекарасы аясындағы егемендігі мен аумақтық тұтастығына толық қолдау білдіреді және Қырымды аннексиялау фактісін мойындайды» – деп жазылған.
Аталған санкциялар пакеті – ЕО-ның Ресейге қарсы қолданып отырған кең ауқымды экономикалық және саяси қысым шараларының бір бөлігі.
Мамырда ЕО Ресейге қарсы кезекті санциялар пакетін жариялаған. Санкция аясында ресейлік «көлеңкелі флотқа» қатысы бар деген 200 кемеге шектеу енгізілді.