Freedom Holding Corp. бас директоры Тимур Турлов инвесторлармен кездесу өткізеді

17 маусым күні сағат 19:00-де Freedom Holding Corp. (NASDAQ: FRHC) компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов инвесторлармен тікелей эфирде кездесу өткізеді.
Эфир барысында холдингтің 2025 қаржы жылындағы қызмет нәтижесін таныстырып, инвесторлардың сұрағына жауап береді.
Тікелей эфирді мына платформалардан көруге болады:
- YouTube: Freedom Broker Kazakhstan арнасы
- Instagram: @timurturlov
Жиын барысында компанияның табысы, инвестициялық жобалары мен алдағы жоспарлары туралы тікелей мәлімет алуға болады.
Жақында холдинг 2025 жылдың 31 наурызында аяқталған қаржы жылындағы нәтижесін жариялады. Есепті кезеңде Freedom Holding Corp-тың жалпы түсімі 2,1 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 384,2 млн долларға артық, яғни 23% өскен.
Компанияның таза пайдасы 84,5 млн долларды құрады. Freedom акциясының бір данасына шаққандағы табыс 1,43 доллар болған. Актив көлемі бір жыл ішінде 8,3 млрд доллардан 9,9 млрд долларға дейін жетті. Сонымен қатар міндеттемелері де 8,7 млрд долларға жетіп, 22%-ға артты.